$ 494.87  520.65  4.91

Аймағамбетов оқушылары қысылып-қымтырылып оқып жатқан мектептер жөнінде пікір білдірді

Құрылыс қарқынды жүріп жатқан жерлерде балалар үш ауысымда оқиды.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Асхат Аймағамбетов 2023 жылғы 13 қыркүйекте палата кулуарында әлеуметтік желіде тараған мектептердегі жағдайды көрсететін бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Асхат Аймағамбетов мектептердегі бала санының көптігі мәселесіне тоқталды.

Мектептердегі бала санының көптігіне байланысты жағдайды айтатын болсақ, үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай азая қойған жоқ, өйтккені оның ішінде дайын әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ мегаполистерімізде құрылыс жүріп жатқаны тағы бар. Құрылыс қарқынды жүріп жатқан жерлерде балалар үш ауысымда оқиды. Бірақ мұндай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға рұқсат бергенде әкімдіктің осындай айқын жағдайларды ескермегеніне балалар кінәлі емес,  – деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, депутаттар дайын мектептер, балабақшалар мен әлеуметтік инфрақұрылымдар болмаған жағдайда мұндай көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға рұқсат беруге тыйым салатын заң жобасын дайындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары