$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартты

Британдық боксшының бұл айтқанына Жәнібек Әлімханұлы да жауап қатты.
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні WBO және IBF чемпиондық белбеулерін үшін жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы – неміс боксшысы Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO). 

Розенбергте (АҚШ, Хьюстон) өтетін бокс кешінде жеңіске жеткен боксшымен британдық Крис Юбенктің (кішісі) жұдырықтасуға мүмкіндігі бар. Алайда бұрынғы әлем чемпионы боксшылардың екеуімен де жұдырықтасуға құлықты емес. 

Мен бұларға келер болсам, олардың бұрын жекпе-жектерін көрген емеспін. Олардың кім екенін де білмеймін. Мен ойындамын. Оларды жалпақ жұрт біле бермейді, сондықтан да олардың бірімен жұдырықтасу қиындау, - дейді Юбенк Sky Sports-қа берген сұхбатында. 

Ол өз мансабынан мысал келтіре, жекпе-жектерді дұрыс таңдауын тілге тиек етеді. 

Ақылды болу керек. Жекпе-жекті жақсы жерде, нағыз көпшілікке керек уақытта ұйымдастыру қажет. Бұл енді промоутерлерге байланысты. Менің жұмысым – жұдырықтасу. Есімі көпке аян, чемпиондық атағы бар қарсыласты табу қиын. Бірақ мен сондай боксшыны табуға тырысамын. Ол үшін асықпаймын, әрі өз сәтімді күтемін, - дейді. 

Британдық боксшының бұл айтқанына Жәнібек Әлімханұлы да жауап қатты. 

Сіз қандай жауап күттіңіз? Жеңімпазбен жекпе-жекке шығатынын айтады деп ойладыңыз ба? Ол Головкиннің титулдары жоқ екенін де білмейді, - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Дереккөз: massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары