Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл жаңалықпен ол өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқаруға кірістім. Басты мақсатымыз «Хабар», «Хабар 24», «Ел арна» арналарының телеөнімдерін дамытып, халыққа керекті, қызықты етіп жасау. Жастарымызды тәрбиелеу, ағартушылық пен дұрыс жолға салу бағытында нәтижелі болуымыз үшін интернет желілерінде арналарды конкурентті түрде қарқынды дамытуымыз керек. Осы мақсаттарға агенттіктің командасымен бірге жету үшін бар күш-қуатымды, тәжірибемді және білімімді жұмсауға дайынмын, - деп жазды ол.