13.09.2023, 23:30

Астанада гипермаркеттің жабылуын күтіп, ішінде ойран салған жігіттер қамалды

Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ
TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт "Анвар" гипермаркетінде оның жабылуын күтіп, видеоконтент түсіргені анықталды. .

13 қыркүйекте TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт "Анвар" гипермаркетінде оның жабылуын күтіп, видеоконтент түсіргені анықталды. Олар гипермаркеттің ішінде қалып, ойына келгенді істеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құқық бұзушылар жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлерімен ұсталып, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.

Бұзақылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.