$ 498.34  519.72  4.85

Аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау күні белгіленді

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

 Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров елімізде аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы еліміздің пилоттық өңірлерінде өтетінін нақтылады.

«Биыл аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы алғаш рет пилоттық режимде өтеді. Заңнамаға сәйкес, пилоттық өңірлердің тізбесін және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды өткізу күнін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер мәслихаттарға бекітілген. Сонымен 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Оның ішінде - 3 қала және 42 аудан. Сондай-ақ сайлау өткізу күнін белгілеп шықты. Мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді», - деді Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары