14.09.2023, 20:30

Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылды

Фото: t.me/aqorda_resmi
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.

Саммит қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар:

1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;

2. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;

3. Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.