$ 443.44  480.51  4.88

Азия ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан алтыншы орында

Бірінші сатыда – Қытай, одан кейін – Жапония.
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Азиадаға аз қалды. Қазақстан құрамасы жалпы жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. 557 медаль жеңіп алған. Оның 155-і алтын, 158-і күміс, 244-і қола. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт жыл сайын болатын байрақты бәсекеде ең көп медальді спортшыларымыз 2006 жылы Қатарда иеленген, яғни 85 жүлде.

Ұлттық құрама командалық қорытынды кестеде әр жылдары төртінші, бесінші орынға ие болған. 2018 жылы Индонезиядағы жарыста тоғызыншы сатыға жайғасты.

Ал Азия ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан алтыншы орында тұр. Бірінші сатыда – Қытай, одан кейін – Жапония. Үздік үштікті – Оңтүстік Корея түйіндейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары