$ 495.2  522.34  4.94

Прокурор Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Боранбаевтың соты 2022 жылдың 30 желтоқсанында басталды.
Фото: Instagram парақшасынан алынды
Фото: Instagram парақшасынан алынды

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокурор Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қыркүйектің 14-і күні Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың өз еркімен мемлекет меншігіне 90 миллиард теңгенің мүлкін өткізгені хабарланды.

Тергеу аясында мұнай кәсіпшілігін, газ тарату компаниясын, қызмет көрсету кәсіпорнын, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес-сауықтыру орталықтары желісін,  үй-жайлар және басқа да мүліктер, кеңсені қоса алғанда, жалпы құны 90 миллиард теңгеден астам мүлікті мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару шаралары қабылданды, - делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ Қайрат Боранбаевтың Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударғаны белгілі болды.

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеуді бастаған болатын. 17 наурызда елордалық сот Қайрат Боранбаевтың қамауға алынғанын хабарлады.

Боранбаевтың соты 2022 жылдың 30 желтоқсанында басталды. Боранбаевтан басқа оның сенімді адамы Роман Нахановқа, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге (маусым айында іздеу жарияланған) және "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жанұзақ Тайырға да айып тағылды. ҚМГ экс-директоры Сердінің ісі жеке өндіріске бөлінді.

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қайрат Боранбаевқа және оның ісі бойынша басқа да айыпталушылар: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қатысты үкімнің күші жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары