Алматы облысының Ащыбұлақ ауылында 14 қыркүйекте өрттен кейін әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. Әйел денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 қыркүйек күні сағат 23:24-те Ашыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар өрттен кейін әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Аталған факті аудандық ішкі істер органдарына ҚР ҚК 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні жедел іздестіріп жатыр. Аудандық полиция бөлімшелері мен көршілес облыстардың жол полициясына хабарлама берілді, - деді Алматы облысы бойынша ПД басшысы Бауыржан Әленов.
Полицейлер соңғы процессуалдық шешім шығуы үшін барлық қажет сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
NeMolchi.kz қорының хабарлауынша, үш мәрте айуандықпен өлтірген деген күдікпен марқұм әйелдің серіктесі іздестіріліп жатыр.