$ 444.14  477.05  4.85

Кезінде «Дикий Арманнан» «пәшкілеп» доллар алған әнші-ақындар үнсіз – журналист

Кеше «Дикий Арманға» қатысты сот отырысы басталған.
Фото: gulbanuanyat инстаграм парақшасынан
Фото: gulbanuanyat инстаграм парақшасынан

Журналист Гүлбану Әният Дикий Арман ісіне қатысты «кезінде Түркияға барып Дикий Арманнан пәшкілеп доллар алған әнші-ақындар үнсіз» деп пікір білдірді. Ол өзінің бұл ойын Instagram парақшасында жариялаған, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеше «Дикий Арманға» қатысты сот отырысы басталған. Қазіргі кезде 45 адам айыпталушы орындығында отыр. Жәбірленушілердің адвокаттарының бірі сегіз адам жасырын түрде қатысып отырғанын айтты.

Ал бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Дикий Арман» деген атпен белгілі Арман Жұмагелдиевтің және басқа да тұлғаларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасуда. 

Жәбірленушілер, кейбір айыпталушылар мен адвокаттар, сондай-ақ куәгерлерден сот отырысын жабық режимде өткізу туралы өтініштер түсті. Олар айыпталушылар тарапынан өміріне және отбасына нақты қауіп төніп тұрғанын айтты. Сонымен қатар сот адвокат пен айыптылушының прокурорларға қарсылық білдіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлады соттан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары