16.09.2023, 01:30

«Қазтелерадио» АҚ KazSat-3 қызметін қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр

Фото: kazteleradio.kz
Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады.

«Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 қызметін қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады. Барлық 567 радио-телевизиялық станция KazSat-2 резервтік жерсерігінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады, - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.

Бұған дейін KazSat-3 жер серігіндегі төтенше жағдайға байланысты еліміздегі барлық телеарна хабар таратуды тоқтатқанын жазған болатынбыз.