16.09.2023, 16:30

Екібастұзда ер адам ғимарат ішінде өртеніп кетті

Фото: Pixabay
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі сарапталуда.

Екібастұз қаласының (Павлодар облысы) өрт сөндірушілері шаруашылық ғимаратында тұтанған өртті сөндіру кезінде 49 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құтқару қызметіне Екібастұздағы моншада өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметінің 16 қызметкері мен 6 техника, сондай-ақ полиция мен медициналық қызмет өкілдері шықты, деп жазады  Ulysmedia.kz.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт ошағы қосалқы ғимаратта екенін анықтап, кейін ол жерден 49 жастағы ер адамның мәйітін тапты.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар осы қосалқы ғимаратта тұратын 1974 жылы туған ер адамның денесі екенін анықтады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі сарапталуда, - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтің баспасөз қызметі.