Биыл 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни ұйымның өкілдері ұсталды, деп хабарлады Skifnews.kz.
Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.