$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің барлық өңірінде «Kieli Tabigat» экологиялық акциясы өтті

Акцияның мақсаты халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, Сакралды және ұлттық табиғи парктер, тарихи-мәдени орындарда өзін дұрыс ұстау экологиялық мәдениетін дамыту және болашақ ұрпаққа тарихи-мәдени мұрамызды жеткізу.
Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен 16 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде сакралды нысандарды және ұлттық табиға парктердің аумағын тазалауға бағытталған «Kieli Tabigat» республикалық экоакциясы бастау алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экоакцияға 2 мыңнан астам адам қолдау білдіріп, қатысты, атап айтар болса мәдениет саласының қайраткерлері Лейло Бекназар, Құрмаш Маханов, Асылхан Шалхаров, атақты әншілер Амре Ахмедьяров, Рухия Байдукенова, Сырымтай Енсепов, Зарина Алтынбекова, республикалық жастар ұйымдары: Ассамблея жастары, Қазақстан студенттер Альянсы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, жастар ресурстық орталықтары, сонымен қатар барлық өңірде мәдениет саласының қайраткерлері және эстрада жұлдыздары. 

Экоакция аясында тазалау жұмыстары киелі, сакралды нысандарда:  Қожа-Ахмет Йассауи кесенесу Түркістан облысы, Айша-Бибі кесенесі Жамбыл облысы, «Сығанақ» қалашығы Қызылорда облысы, «Бозоқ» қалашығы Астана қаласы және Шарын, Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай, Ұлытау ұлттық табиғи парктері және мемориалды кешендер өткізілді.  

Акцияның мақсаты халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, Сакралды және ұлттық табиғи парктер, тарихи-мәдени орындарда өзін дұрыс ұстау экологиялық мәдениетін дамыту және болашақ ұрпаққа тарихи-мәдени мұрамызды жеткізу. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары