17.09.2023, 10:30

Жібек Құламбаева Солтүстік Македониядағы турнирдің чемпионы атанды

Фото: inform.kz
Литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында қатарынан үшінші рет ITF жарысының жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін ол Рим мен Прагада үздік шыққан еді.