17.09.2023, 22:30

Екібастұзда әйел жұмысқа орналасу үшін жалған диплом ұсынған

Фото: ашық дереккөз
Полицейлердің мәліметінше, бүгінге дейін өңірде жалған құжат жасаудың 59 дерегі тіркелген.

Екібастұздық әйел жұмысқа орналасу кезінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды ​​облыстық жоғары медбикелер колледжі берген жалған дипломды пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломның жалған екенін Павлодар облысының полицейлері анықтады.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полицейлердің мәліметінше, бүгінге дейін өңірде жалған құжат жасаудың 59 дерегі тіркелген.