$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 18.09.2023 сағат 09:40

«Қазақстан» шахтасындағы трагедия: тергеу нәтижесі бүгін жарияланады

Апаттың салдарынан көмір өндіру жұмысы тоқтатылды.
«Қазақстан» шахтасындағы трагедия: тергеу нәтижесі бүгін жарияланады
Фото: Pixabay

Бүгін «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы жарияланады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Күндіз сағат 12:00-де арнайы брифинг өтеді. Оған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, апаттық-құтқару қызметінің филиал директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гарифулов қатысады. Бриифинг "SARYARQA" телеарнасының ғимаратында өтеді.

Жедел желі: +7 (7212) 411130. Айта кетері, шахтада 170 метр тереңдікте өрт шықты.

Бес адам қаза тапты. Апаттың салдарынан көмір өндіру жұмысы тоқтатылды. Ал өрт әлі өшірілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар