18.09.2023, 09:40

«Қазақстан» шахтасындағы трагедия: тергеу нәтижесі бүгін жарияланады

Фото: Pixabay
Апаттың салдарынан көмір өндіру жұмысы тоқтатылды.

Бүгін «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы жарияланады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Күндіз сағат 12:00-де арнайы брифинг өтеді. Оған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, апаттық-құтқару қызметінің филиал директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гарифулов қатысады. Бриифинг "SARYARQA" телеарнасының ғимаратында өтеді. Жедел желі: +7 (7212) 411130. Айта кетері, шахтада 170 метр тереңдікте өрт шықты.

Бес адам қаза тапты. Апаттың салдарынан көмір өндіру жұмысы тоқтатылды. Ал өрт әлі өшірілген жоқ.