07.08.2014, 07:00

Алматыда Қазақстанның биылғы үздік тауар өндірушілерін анықтады

Сурет: ortcom.kz

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Салтанатты марапаттау шарасына қала басшысы Ахметжан Есімов қатысты. Көшбасшыларды анықтау «үздік азық-түлік тауары», «үздік халық тұтыну тауары», «өндірістік бағыттағы үздік тауар» аталымдары бойынша анықталды.

Көрме-байқауға 100-ге тарта кәсіпорын қатысып, бақ сынады.

2014 жылғы Алматыдағы «үздік азық-түлік тауары» ретінде «Caspian Beverage Holding» пен «Цинказ» ЖШС танылса, халыққа арналған үздік тауар ретінде «РЦМ Макпал» ЖШС мен «Viva Pharm» компаниясы танылды.

Ал өндірістік бағыттағы үздік тауары аталымына «Алматинский завод мостовых конструкций» ЖШС мен «Келет» АҚ өнімдері лайық деп танылды.

— Бұл тауарлардың барлығы сыртқа экспорттауға бейімделген. Өздеріңізге белгілі 1 қаңтардан бастап ЕАЭК құрамына кіреміз. Алда тағы ДСҰ-ға кіру жоспарланып отыр. Біздің тауар өндірушілерге бәсекелестік қабілетін арттыру керек. Отандық тауарлардың сапасын арттыру қажет. Мен ойлаймын, бұл жеңімпаздардың қай-қайсысы болсын Қазақстанның үздік тауары атауына лайық. Олар Астанада өтетін шешуші байқауда жүлделі орынға ие болады деп сенемін, — деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауы Астанада күзде өтпек көрсетпейді.