$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 18.09.2023 сағат 23:30

Отыз жыл күткен алтын: Ризабек Айтмұхан қазақстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Ризабек финалда әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдескен болатын.
Отыз жыл күткен алтын: Ризабек Айтмұхан қазақстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды
Фото: zakon.kz

Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ризабек финалда әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдескен болатын. Кездесу соңына дейін ұтылып жатқан Ризабек санаулы секундтарда қарсыласына әдіс жасап, жеңіске жетті. Осылайша, еркін күрестен қазақстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды!

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шеберлері әлем чемпионатынан алтын медаль алмаған. Ризабек 20 жаста. Ол осы салмақтағы Азия чемпионы.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар