Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, өңірлік ПД баспасөз қызметі.
ПД-ның хабарлауынша, республикалық тас жолдың 400-шақырымында MAN F2000 жүк көлігін тізгіндеген 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан жүк көлігі аударылып, оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабында (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.