19.09.2023, 10:40

«Қазақтелеком» филиалының есепшісі 643 млн теңге ұрлаған

Фото: newtimes.kz
Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық іс Алмалы аудандық сотына жолданғанын мәлімдеді.

Алматыда "Қазақтелеком" АҚ филиалының есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық іс Алмалы аудандық сотына жолданғанын мәлімдеді, деп жазды Zakon.kz.

Есепші 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 млн теңгеден астам сомаға ақша ұрлады деп айыпталып жатыр, - делінген Алматы қаласының прокуратурасы хабарламасында.