$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында мектеп директоры қамауға алынды

Ер адам өзінің кінәсін мойындамаған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодар облысындағы мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынды. Ер адам өзінің кінәсін мойындамаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға осы жылдың 15 қыркүйегінде болған, деп жазады inbusiness.kz. Әкімшілік іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.

Құқық бұзушы сот отырысында өз кінәсін мойындамады. Алайда оның келтірген дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және бейнежазбамен жоққа шығарылды.

Мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1 тармағымен кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары