19.09.2023, 16:00

Астанада тұрғын үй ауласынан мәйіт табылды

Фото: pixabay
Ол 53 жастағы елорда тұрғыны.

Елордада тұрғын үй ауласынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны, - делінген мәліметте.

Полиция департаментінің дерегінше, бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.