19.09.2023, 17:00

Батыс Африка азаматшасы Орал тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген (ВИДЕО)

Фото: gov.kz
1990 жылы туған Орал қаласының тұрғыны өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған.

БҚО Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “STOP-Трафик“ жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 жылы туған Орал қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 жылы туған бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған. 

ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.