2023 жылғы 20-22 қыркүйек аралығында Астанада Astana Media Week 2023 өтеді, онда Қазақстан мен шетелден келген медиа индустрияның жетекші сарапшылары жылдам өзгеретін медиа орта контекстінде дəстүрлі медиа алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді талқылайды.
Жетінші медиа апталықтың тақырыбы – «MEDIA POWER: ТЕНДЕНЦИЯЛАР, ӨЗГЕРІСТЕР, ЭТИКА». Талқылаулар алдағы уақытта медиа жұмысын ұйымдастыру жолдарына, жаңа медианың еркіндігіндегі тепе-теңдікті іздеуге, ҚР медиа заңнамасында блогосфераны реттеуге, ақпараттық кеңістіктегі этика мен жауапкершілікке, жалған ақпаратқа қарсы тұруға қатысты болады.
Отандық сарапшылармен медиа диалогқа арнайы шақырылған қонақтар – ұлттық ведомстволар мен телеарналардың басшылары, Түркия, Корея, Əзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан жəне Ресейден келген танымал журналистер мен продюсерлер қатысады.
Astana Media Week 2023 шеңберінде цифрлық сауаттылық, деректерді қорғау, əлеуметтік желілердегі этика тақырыптары қаралады. Сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа өлшемдер мен жарнама тақырыбын, жалған ақпаратты таратуға жəне жарнамадағы манипуляцияларға қатысты мəселелерді талқылайды.
Медиа апталыққа қатысушыларға арналған ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «КОНТЕНТ-МАРКЕТ» КӨРМЕСІНЕ əдеттегідей продакшн компаниялар мен телеарналардың өкілдері қатысады. Ашық жəне жабық питчингтер контент мейкерлерге жетекші БАҚ пен корпорациялардың басшыларына өздерінің жаңа өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Шараға алғаш рет тəуелсіз подкасттар мен диджатал контент авторлары қатысады.
AMW-2023 бірінші күні «СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ: НЕГЕ БІЗ ЕНДІ КӨРГЕНІМІЗГЕ, ЕСТІГЕНІМІЗГЕ ЖƏНЕ ОҚЫҒАНЫМЫЗҒА СЕНБЕЙМІЗ?» тақырыбындағы Media Talks бейресми конференциясымен аяқталады. Конференция барысында хайп, кликбейт жəне фейктер, сондай-ақ цифрлық ортадағы журналистердің жаңа этикасы мен кəсіби мінез-құлқы талқыланады. Конференция спикерлерінің қатарында қазіргі заманғы креативті жəне медиа индустрия өкілдері: -режиссер жəне сценарист, Cannes World Film Festival «Үздік музыкалық клип режиссері» сыйлығының иегері Малик Зенгер, Bult House, Derekos, Qarabayr продюсері Асхат Халимов, «Əділ сөз» қорының президенті
Қарлығаш Жаманқұлова, танымал сторитейлер, @unknownkazak блогының авторы Диас Камериданов жəне т.б.
Медиа апталықтың екінші күні Юлия Юка Кравченконың «Альтернативная реальность» атты ДИДЖАТЛ КӨРМЕСІ ашылады. Бұл – жасанды интеллектті пайдалана отырып, Қазақстанның болашағына көз салу.
Сонымен қатар медиа орталықтың басты залында ӨҢІРЛІК БАҚ ФОРУМЫ өз жұмысын бастайды, онда жергілікті БАҚ-тың өзара іс-қимылы жəне олардың жаһандық күн тəртібін қалыптастырудағы əлеуеті қаралады. Биыл Форумда көтерілетін мəселелер аясы кеңейді – қазақстандық шынайылықтан бастап Орталық Азия мен ТМД-ға дейін.
Mediaquiz – интерактивті іс-шарасы сала қызметкерлері үшін бейресми нетворкингке айналады, онда ниет білдіргендер өз білімдерін, креативтілігі мен аналитикалық дағдыларын тексереді жəне ұйымдастырушылардың сыйлықтарын ұтып ала алады.
Соңғы күні БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛАДАҒЫ КАДРЛЫҚ ƏЛЕУЕТТІ АРТТЫРУҒА ЖƏНЕ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАРЛАР СЕРИЯСЫ өтеді.
Медиа апталықты баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау іс-шарасы қорытындылайды.
Бағдарламамен толығырақ www.astanamediaweek.kz ресми сайтында немесе Instagram-дағы @AstanaMediaWeek парақшасынан таныса аласыздар.