$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін елімізде күн райы қалай құбылады

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс облыстары антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн құбылмалы болады.

Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады, - деді синоптиктер.

Синоптитер еліміз бойынша екпінді жел соғып, тұман түседі, түнде Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз  екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +17+19°С.

Алматыда күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, кей уақытта екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +15+17°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары