Ақмола облысында прокурорлардың тексерісінен кейін фермер пайдаланбаған 30 мың гектардан астам жайылым жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бурабай аудандық прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбайтынын анықтаған.
Талдау қорытындысы бойынша Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментіне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылым жер қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осылайша, аудан аумағында жайылым жерлердің тапшылығы 50%-ке қысқарды", - деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасы.
Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.