20.09.2023, 12:20

Қарабақтағы қақтығыс: Қазақстандықтар Еуропадан орала алмай жатыр

Фото: Facebook/shimanskaya.p
Франкфурт әуежайында хаос басталды.

Қазақстандық туристер Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты Еуропадан елге қайта алмай жатқанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналист Полина Шиманскаяның айтуынша, Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс салдарынан Еуропадан келетін ұшақтар жарты жолда кері қайтарылып жатыр.

Бұл елдердің үстінен рейс жабылды. Мен және басқа да жүздеген қазақстандықтар осы жолаушылардың қатарындамыз. Франкфурт әуежайында хаос басталды. Рейстер туралы әлі белгісіз, біз ЕО аймағына кіре алмаймыз, – деп шағымын жазды ол  Facebook парақшасында.