20.09.2023, 12:40

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шығарылды

Фото: pixabay
Олар басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақмола облысының екі тұрғыны Көкшетау қаласында қаржы пирамидасының кеңсесін ұйымдастырып, басқарған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2021 жылғы қараша - 2022 жылғы сәуір аралығында қаржы пирамидасына 39 млн теңгеден астам сомаға 40 азаматтың ақшалай қаражаты тартылған.

Олар әлеуметтік желілерде үлкен табыс, саяхат жасау және автокөлік сатып алу туралы ақпаратты белсенді түрде жарнамалаған, презентациялар, тренингтер өткізіп, азаматтарды компанияға тартқан. Олар азық-түлік, тауарлар, саяхатшы карталарын сатумен айналысып, азаматтарға тіркелгені үшін ақшалай төлемдер түрінде бонустар ұсынған. Азаматтардың заңды және қаржылық сауатсыздығын, оңай ақша табу ниеттерін пайдаланып, қарыз, несие алуға итермелеген, – делінген қалалық сот хабарламасында.

Сотта тергеу жұмыстарын жүргізу барысында, айыптылар азаматтардың қаржы пирамидасына салған ақшаларын қайтарды.

Олар басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.