$ 441.66  475.14  4.86

Шымкентте 15 жұмыс беруші шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан

Халықаралық «Наемник» жедел-профилактикалық іс-шарасы 11-30 қыркүйек аралығында жалғасады.
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ

Әл-Фараби АПБ-ның тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлерді, құрылыс алаңдарын, базарлар мен фермерлік шаруа қожалықтарын және шетелдіктердің жүруі мүмкін басқа да орындарды күшейтілген режимде тексеріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұндағы басты мақсат – заңсыз көші-қон жайттарының алдын алу, оның жолын кесу, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыс санын азайту.

Жедел-профилактикалық іс-шараның 9 күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 69 шетел азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқаны үшін 15 жұмыс беруші әкімшілік кодекстің 519-бабымен жауапқа тартылды.

Айта кетейік, халықаралық "Наемник" жедел-профилактикалық іс-шарасы 11-30 қыркүйек аралығында жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары