21.09.2023, 01:30

Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді

Фото: СІМ
Бұл шешім Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан өзінің кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды.

Алтын Емел мен Барсакелместің шөлді экожүйелері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сыртқы істер министрлігі. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан өзінің кеңейтілген 45-ші сессиясында қабылданды.

Бұған дейін Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған. Семинар аясында Қазақстанның туристік әлеуетін іске асыруға қатысты мемлекет ұстанымдарының таныстырылымы өтті.