$ 494.87  520.65  4.91

1 млрд теңге жымқырған: 9 жыл іздеуде болған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Бас прокуратура Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Ulysmedia.kz жазуынша күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары