Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) кәсіпқой бокстағы 21-жеңісіне қол жеткізді. Ол АҚШ-тағы Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде аргентиналық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Sports.kz жазды.
Жүкембаевтың қарсыласы аргентиналық Уго Альберто Рольдан болды (22-1-1, 7 КО). Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді. Нәтижесінде Батыр Жүкембаев төрешілердің әр түрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, қазақстандық боксшыны қарсыласы бірінші раундта нокдаунға түсірді.
Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 21-жеңісіне қол жеткізсе, Уго Альберто кәсіби аренада екінші мәрте жеңіліс тапты. Оған қоса бұл Жүкембаевтың АҚШ-та өткізген екінші жекпе-жегі болды.
Отандасымыз алғашқы кездесуін 2021 жылдың мамыр айында өткізген. Ол кезде Батыр сегізінші раундта пуэрторикалық боксшы Сабриэль Матиастан жеңіліп қалған еді.