$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да табыс салығын жасырған ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге айыппұл төледі

Мұнай компаниясы салық көлемін төмендетіп көрсеткен.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Батыс Қазақстан облысының ірі мұнай компаниясы "Жайықмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі ірі компаниядан мемлекеттік бюджетке облыс прокуратурасының шаралары бойынша 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы төленді.

Бұдан басқа, 2016-2021 жылдары кезеңінде ҚҚС және КТС сомаларын төмендеткені үшін «Жайықмұнай» ЖШС-іне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 278-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынып және 2 млрд теңге сомасына айыппұл салынды, ол толық көлемде өтелді, - делінген ведомство хабарламасында.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықтырылды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары