$ 443.37  474.49  4.83

«Ниетім жоқ»: Шавкат Рахмонов өзін жекпе-жекке шақырған Тони Фергюсонге жауап берді

Америкалық файтер соңғы алты жекпе-жегінде де жеңіліс тапқан.
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-де жұдырықтасатын қазақстандық ережесіз жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмонов желіде өзін жекпе-жекке шақырған америкалық файтер Тони Фергюсонге жауап берді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шавкат Рахмонов Instagram желісінде тікелей эфир жүргізіп, Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізуге қатысты өз ойын айтты. Америкалық файтер соңғы алты жекпе-жегінде де жеңіліс тапқан, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Фергюсон келісіп, осы жекпе-жекті қатты қалаған күннің өзінде мен бір аптада барып онымен жұдырықтасып үлгермеймін. Ондай шалмен жекпе-жекке шығуға ниетім жоқ. Керісінше, мен мықты жастармен шыққым келеді. Гастелум мықты ғой. Неге бас тартқанын білмеймін. Жекпе-жекке шықпаймын деп көңіл-күйімді түсіріп тастады. Құдай қаласа, алда жекпе-жекке шығармыз. Бірақ кіммен жұдырықтасатыныңды білмей дайындалған қиын, - деді спортшы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары