$ 441.58  480  4.86

Қарағандыда колледж студенттері пышақтасқан

Тергеу шаралары жүргізілуде.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы колледж студенттерінің арасындағы жанжал түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада колледж студенттерінің бірінің қарсыласын пышақпен қуып жетіп, жарақаттағаны түсіріліген. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, кенеттен туындаған жанжал кезінде 17 жастағы студент 19 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен.

"17 жастағы күдікті ұсталып, жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары