$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

Ол осы жылдың наурыз айында қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

Мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ереже бұзған депутат 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді, деп жазды Stan.kz.

Депутат Мұратова аумақтық сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазды. Қолданыстағы тәртіп бойынша мәслихатқа аумақтық комиссиядан хат түсті. Өтініш бойынша шешім мәслихат сессиясында қабылданады, – деді қалалық мәслихаттың төрайымы Анар Даржанова.

Сания Мұратова – кәсіпкер. Осы жылдың наурыз айында қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Мәслихатта Сәния Мұратова әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары