Тараз тұрғынынан көкнәр, марихуана және гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатындағы «Қарасора – 2023» жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ҚР ІІМ «Бүркіт» ҰҰ арнайы мақсаттағы жасағын және Урия атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, Тараз қаласының Ақбұлақ шағынауданында 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Үйге тінту жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 4,7 келі кептірілген марихуана, салмағы 13,85 грамм гашиш есірткі заты және салмағы 7,76 грамм көкнәр есірткісі табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.