$ 495.2  522.34  4.94

Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды – ҰҚК

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді әлеуметтік желіде жариялаған.
фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков
фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, - деп жазылған хабарламада.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын әлеуметтік желілерде жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде үкім заңды күшіне енді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары