23.09.2023, 18:30

Азиада-2023: Ханчжоуда жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды

фото: nur.kz
Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысады.

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Азия ойындарының ашылу салтанаты Олимпиадалық орталықтың стадионында өтеді. Жазғы Азия ойындары 23-қыркүйек пен 8-қазан аралығында өтеді.

Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күресетін болады.

Айта кетейік, XIX жазғы Азия ойындарының ашулы салтанаты Qazport арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Еске сала кетейік, Азия ойындарына 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысады.