$ 442.05  474.14  4.74

Жезқазғанда Нигерия азаматы ағылшын тілінен заңсыз сабақ берген

Оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 31 жастағы Нигерия азаматын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Құқық бұзушының айтуынша, ол Жезқазғанға оқу орындарының бірінің шақыруымен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде келген. Шетелдікті ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жезқазған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-тің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары