$ 494.87  520.65  4.91

Азиада-2023: Тағы бір дзюдошымыз қола жүлдеге ие болды

Әзірге Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде алып берді.
Фото: Madeniet_zhane_sport_ministrligi
Фото: Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар ұлттық құрама қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дзюдодан 81 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.

Әзірге Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде алып берді.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түссе, Әбиба Әбужақынова ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы күміс медальды әперді.

48 келі салмақта отандасымыз алтын медаль үшін таласта үш дүркін әлем чемпоны, 2018 жылғы Джакатадағы Азия ойындарының жеңімпазы жапондық Натсуми Тсунодоға жол беріп алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары