25.09.2023, 21:30

Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды

Фото: gov.kz
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда төрт жасар баланы ұрып өлтірді деп күдікке ілінген жас жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 4 жасар бала өгей әкесінің қолынан қаза тапты

Жантүршігерлік оқиғаны қалалық полиция департаменті растады, деп жазды ҚазАқпарат.

Аталған дерек Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 2004 жылы туған Д. есімді күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады ведомстводан.

Аталып өткендей, қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.