25.09.2023, 22:30

Азиадa-2023: Сәкен Бибосынов жекпе-жекті жарқын жеңіспен бастады

Фото: sports.kz
Бибосынов келесі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді.

Әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысы Унуболд Орхонтунгалагты жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәкен жекпе-жекті толық өз бақылауында өткізді. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды. 

Бибосынов келесі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. Өзбек боксшысы алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея елінен келген спортшыдан басым болды.