$ 495.2  522.34  4.94

Ақтөбеде екі қыз жігіттерді тонап кеткен

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбеде бойжеткендер екі жігіттің телефонын жымқырып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арызданушылардың айтуынша, олар қаладағы дәмханалардың біріне тамақтануға барған. Дәмханада олардың үстелдеріне екі бойжеткен келіп отырған. Бойжеткендердің біреуі жігіттердің бірінің бұрынғы танысы болып шыққан.

Телефондарын үстел үстінде қалдырып, сыртқа шыққан екі жігіт біраз уақыттан кейін келгенде телефондарын да, бойжеткендерді да таппай қалған. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 83 мың теңгеге және 180 мың теңгеге бағалады, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктілерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары