$ 442.05  474.14  4.74

Атырау облысында малшы зымыран снарядын тауып алған

Оқиға орнына Атыраудан облыстық полиция департаментіне қарасты "Арлан" арнайы жасағының саперлері барған.
Фото: atpress.kz
Фото: atpress.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде қой бағып жүрген малшы зымыран снарядының корпусын тауып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іnbusiness.kz мәліметінше, Оқиға 24 қыркүйекте сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған.

Құзырлы орган өкілдері аумақты қоршауға алған. Қазіргі кезде зымыранның атауы мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық полиция департаментіне қарасты "Арлан" арнайы жасағының саперлері барған.

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, оқиға туралы барлық құзырлы органға хабарланған. 

Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары