Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдеге ие болды.
Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.