$ 442.05  474.14  4.74

Бұйрыққа қол қойылды: экология министрлігі киіктерді атуға кіріспек

Бұл шешім қоғамның біршама сыны мен наразылығын туғызып, қазақстандықтар экология министрлігінің жоспарына қарсы петицияға қол қойды.
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz

Ақбөкендер Қазақстанда реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ulysmedia.kz жазуынша, бұйрық бойынша саны реттелуге жататын жануарлардың тізбесіне өзгерістер енгізілген.

Ақбөкендерден басқа, тізімге қасқырлар, шибөрілер, қарғалар, үлкен корморанттар, жыланбас балықтар енді.

Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларының ауруларынан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттеледі.

Бұйрық 2023 жылғы 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 2022 жылы экология министрі Серікқали Брекешев ақбөкендер фермерлердің егінін таптап жатыр деп мәлімдеген еді. Содан кейін ведомство «жануарлар санын реттеу шеңберінде» 80 мың ақбөкенді ату туралы шешім қабылдаған.

Бұл шешім қоғамның біршама сыны мен наразылығын туғызып, қазақстандықтар экология министрлігінің жоспарына қарсы петицияға қол қойды. Ақыры, іске президент араласып, министрге сөгіс жариялап, бастаманы тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары