$ 441.58  480  4.86

Мәжіліс депутаты отбасында жиі жанжал шығаратындардың тізімін жасауды ұсынды

Барлығы зорлық-зомбылық көрсетушілерге жазаны күшейткенін қалайды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отбасына маза бермейтіндердің және масылдардың тізілімін (реестр) жасауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Барлығы зорлық-зомбылық көрсетушілерге жазаны күшейткенін қалайды. Осы орайда мен отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық кодексте жазаны ауырлатуды ұсындым. Менің ойымша, жазаны күшейтсек, отбасылық жанжал шығарушылар бірнеше рет ойланады. Сонымен қатар, отбасына маза бермейтіндердің және масылдардың тізілімін (реестр) жасауды ұсындым. Бұл тиімді шара, бізде бұл тәжірибе бар, мысалы, алимент төлеуден жалтарып жүргендердің, жер учаскелерін мақсатына сай пайдаланбайтын адамдардың тізілімі бар. Олар үш жыл ішінде жер учаскесін алу мүмкіндігінен айырылады», - деді Бақытжан Базарбек Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде өткен отырыста.

Оның айтуынша, отбасылық бұзақылардың тізілімін құру адам психологиясына қатты әсер етеді.

Заң талаптарын бұзған адам, өзін тізілімнен шығаруға тырысады. Біз зорлық көрсетушінің психотипін зерттеуіміз керек. Отбасында жанжал шығарушылардың әрекеті патология емес, ол өмірден шаршап, әйелі мен балаларынан бас тартатын қарапайым азамат. Балалар көбіне үндей алмайды, кейбірі отбасындағы жағдайды әлеуметік желіге жазуы мүмкін. Бірақ олардың үні жете бермейді. Біз балалар мен әйелдердің құқығын зорлық көрсетушілерден қорғауымыз керек», - дейді халық қалаулысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары